«Ақсу Жабағылы» демалыс базасы
«Ақсу-Жабағылы» қорықтық демалыс базасы — Оңтүстік Қазақстанның інжу-маржаны. Ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінеенген Ақсу-Жабағылы ұлттық қорығының етегінде орналасқан. Бұл жерде сіз табиғаттың күшін және нағыз тыныштықты сезінесіз.
Орналасуы: Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жабағылы ауылына жақын. Шымкенттен — 95 км, Тараздан — 105 км.
Табиғат: Мұнда аймақтағы құстардың жартысына жуығы және жануарлардың 70%-дан астамы мекендейді. Бұл орнитологиялық туризмүшін әлемдегі ең үздік қорықтардың бірі.
Тұру: Барлық жағдай жасалған 2 және 4 орындық жайлы коттедждер, душ, тұрмыстық техника. Асхана мен мейрамхана жұмыс істейді,ыңғайлы автотұрақ бар. Тұру құнына бассейн, топчан және балалар алаңы кіреді.
Асхана: Тұру бағасына үш реттік тамақтану (комплекстік мәзір) кіреді.
Мейрамхана: Ас пен қызметтер бөлек төленеді, алдын ала тапсырыс міндетті.
Белсенді демалыс: Жаяу және атпен серуендеу, бұлақ суымен жылы бассейн, бильярд, бассейн жанындағы монша, спорт алаңдары жәнежабдықтарды жалға алу.
Қазақстан табиғатының жүрегінде жанмен демалыңыз!
Біздің артықшылықтарымыз